Ига Швёнтек
From Wikipedia, the free encyclopedia
From Wikipedia, the free encyclopedia
Ига Швёнтек (кейде Свёнтек, пол. Iga Świątek, Полякша оқылуы: [ˈiɡa ˈɕfʲɔn.tɛk]; 31 мамыр 2001 жыл, Варшава) — поляк теннисшісі, Әйелдер теннисі қауымдастығы (ӘТҚ) әлемдегі №9 мансаптық рейтингке ие, Францияның 2020 жылғы Ашық чемпионатының чемпионы және тарихтағы жекпе-жекте Үлкен Дулыға титулын жеңіп алған алғашқы поляк теннисшісі.
Бұл мақаланы қазақ тіліне аударылуын тексеру қажет. Себебі бұл мақаланы уикипедияшы жазған. Мақаланың қазақшасын дұрыстауға көмек беріңіз. |
Тексерушілерге нұсқаулықты оқу үшін оң жақтағы көрсет дегенді басыңыз. |
---|
Мақала тексерушілерге: мақаланы тексерілді деп белгілеу үшін бұл үлгіні алып тастаңыз. Мақаланы тіркелгеніне 6 ай болған, 500 өңдеме жасаған барлық қатысушылар және осы екі шарттың біреуін болсада қанағаттандыратын қатысушылар тексерілді деп белгілей алады. 2015 жылдың шілдесінен бергі тексерілмеген мақалалар мына санатта тізімделеді: Санат:Уикипедия:Тексерілмеген мақалалар. Осы айдағы тексерілмеген мақалалар санатын бастау. Осы айдағы тексерілді деп белгіленген мақалалар: https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=Арнайы:Жуықтағы_өзгерістер&tagfilter=Тексерілді+деп+белгіледі Бұл мақаланы 2023-05-02, 10:32 кезінде (16 ай бұрын) Malik Nursultan B (журналы | үлесі) соңғы рет өңдеді.
|
Бұл мақала әлі тексерістен өтпеді. Тексерілмеген мақалалардағы мәліметтер сенімсіз болуы мүмкін. |
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Ига Швёнтек | |
Жалпы мағлұмат | |
---|---|
Туған күні | |
Туған жері |
Варшава, Польша |
Азаматтығы | |
Тұрғылықты жері |
Рашин, Польша |
Бойы |
176 см |
Жұмыс қолы |
оң |
Бэкхенд |
екі қолды |
Бапкері |
Пётр Сершпутовский |
Ақшалай сыйлық |
US$ 3,572,234 |
Жеке санат | |
Үздік жеке позициясы |
9 (17 Мамыр 2021) |
9 (17 Мамыр 2021) |
9 (17 Мамыр 2021) |
Үлкен дулыға турнирлері | |
Аустралия |
4R (2020, 2021) |
Франция |
W (2020) |
Уимблдон |
1R (2019) |
АҚШ |
3R (2020) |
Жұп санат | |
Үздік жұп позициясы |
57 (17 Мамыр 2021) |
Үлкен дулыға турнирлері | |
Франция |
SF (2020) |
АҚШ |
2R (2019) |
Франция ашық чемпионатының титулымен ол (2005 жылы Рафаэль Надальдан және 1992 жылы Моники Селестен бері) ең жас чемпионы атанды. Ига бір үлкен дулыға турнирінің жеңімпазы (Франция ашық чемпионаты 2020); екі ӘТҚ турнирінің жеңімпазы; бір Кіші Үлкен Дулыға турнирінің жеңімпазы (Уимблдон 2018) және бір Кіші Үлкен Дулыға турнирінің жеңімпазы (Франция ашық чемпионаты 2018)[1][2]..
Әкесі — Томаш Швёнтек (1964 жылы туған), 1988 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына академиялық есу сайысына қатысқан.[3] Иганың үлкен әпкесі Агата да тенниспен айналысқан, бірақ жарақатына байланысты мансабын ертерек аяқтаған.
Юниор ретінде Ига 2016 жылы жасөспірімдер арасында Федерация кубогын жеңіп алған поляк командасының мүшесі болды. Ол 2018 жылғы жазғы жасөспірімдер олимпиадасында Словениядан келген Кайя Юванмен бірге жұптық жарыста алтын медаль жеңіп, өзінің юниор мансабын аяқтады.
Бірнеше жыл бойы Игамен жас жаттықтырушы Петр Сежпутовский және спорт психологы Дария Абрамович жұмыс істеді.[4]
2016 жылдың жазында Швёнтек жасөспірімдер арасындағы Канада ашық чемпионатының финалында Ольга Даниловичті жеңді. Содан кейін 15 жасында Стокгольмде өткен ITF ересектер турнирінде алғашқы жеңісіне қол жеткізді. 2017 жылдың қаңтарында Марта Костюкті "AGL Loy Yang Traralgon Junior International" турнирінің финалында, бір айдан кейін Бергамодағы Мартина Ди Джузеппеге қарсы жеңіп, өзінің алғашқы ITF pro circuit титулына ие болды. Швёнтек 2017 жылы хирургиялық операциядан кейін жеті айда қалпына келіп, ITF және junior Grand Slam турнирлеріне оралды.[5]
17 жасында Швёнтек пен оның серіктесі Кэти Макнелли жасөспірімдер арасындағы Франция ашық чемпионатының финалында Юки Найто мен Нахо Сатоны жеңді.[6]
2018 жылдың 14 шілдесінде Уимблдонда Швёнтек Үлкен Дулыға жасөспірімдер турнирінің алғашқы финалына шығып, швейцариялық Леони Кюнгты екі сетте жеңді. Швёнтек Уимблдонда Александра Ольша, Радваньская Агнешка және Урсулы Радваньскаядан кейінгі юниорлар арасында Польшаның төртінші чемпион атанды.[7][8]
Швёнтек Будапешт пен Монтрада қатарынан екі турнирінде атын шығарып, топ-200-ге кірді.[9]
Қазан айында Швёнтек Буэнос-Айрестегі үшінші жазғы Жасөспірімдер Олимпиадасына қатысты.[10] Кайей Юванмен бірге финалға өтіп, өткен япондық қарсыластарын (Юки Наито және Нахо Сато) қайта жеңіп, алтын медаліне ие болды.
Жалпылай, Ига 2018 жылды мықты өткізді. Швёнтек бір жылда төрт ITF титулдың арқасында өзінің рейтингін 727-ден 174-ке дейін көтерді.[11] 2018 жылды 184 WTA рейтингте жапты.[12]
Швёнтек жаңа маусымын Оклендтегі WTA турнирінен бастап, квалификациялық раундтардан өте алмады. Алайда, Аустралиядағы ашық чемпионатта бірінші ойында Ана Богданды үш сетта өтіп, Камила Джорджия деген итальяндық теннисшіден ұтылды.
Ақпан айында Швёнтек Мажарстанның Ашық чемпионатында екінші айналымға шықты. Швейцариядағы Ladies Open Lugano турнирінде Швёнтек Виктория Кужмова қарсы шығып, үш сетте жеңіске жетті. Соның арқасында WTA турнирінің бірінші ширек финалына шықты. Әлемнің 46-ракеткасын жеңу Швёнтек мансабындағы топ-50-дегі алғашқы жеңісі болды.[13] Одан қарай, Швёнтек Кристина Плишкова мен Вера Лапконы жеңіп, финал айналымына шықты. Финалда жеңілсе де, бұл керемет прогресс Швёнтекті топ-100 рейтингіне көтерді.[14][15]
Швёнтектың келесі керемет жетістігі Ролан Гарростың төртінші айналыма шығу болды. Әлемнің бірінші ракеткасына жеңілсе де, төртінші айналымға өте алған 2000 жылдары дүниеге келген екінші теннисші атанды.[16]
АҚШ ашық чемпионатының екінші айналымында Швёнтек әлемнің 11-ракеткасы Латвиядан Анастасия Севастовадан (6-3 1-6 3-6) ұтылды. Осыдан кейін, маусымның соңына дейін Ига турнирлерде көрінбеді.
Аустралия ашық чемпионатында Ига төртінші айналымға жетіп, Анетт Контавейтке 7-6(7-4) 5-7 5-7 есеппен ұтылды.[17]
Күзде өткізілген Франция ашық чемпионатында Ига керемет нәтижелер көрсетті. 54-ы рейтингпен бастаған поляк теннисшісі бірінші айналымда Маркет Вондроушованы (6-1 6-2); екінші айналымда Се Шувэйды (6-1 6-4); үшінші ойында Эжени Бушарды (6-3 6-2); төртінші айналымда атақты Симона Халепті (6-1 6-2) есеппен жеңіп, лирек финалға жетті. Аргентиналық және итальяндық ойыншылармен жүздесіп, турнирдің финалында американдық теннисші София Кенинді жеңді. Иганың жеңісі оның олжаны жеңіп алғандығымен ғана емес, сонымен қатар турнирдің барлық матчтарын екі сетта жеңіп, әр матчта 5-тен көп емес ойын ойнауымен де ерекшеленеді. Оған қоса, Швёнтек Үлкен Дулыға турнирінде жеңіске жеткен Польшаның алғашқы өкілі болды.[18] Турнирден кейін әлемдік рейтингте 17-ші орынға көтерілді.
2021 жылда Швёнтек WTA турнирінде өз ойын жалғастыруда.
Жыл | Жеке рейтинг |
Жұптық рейтинг |
---|---|---|
2020 | 17 | 75 |
2019 | 61 | 453 |
2018 | 175 | 1 097 |
2017 | 690 | |
2016 | 903 |
Үлгі:Жасырын блоктың басы
№ | Жыль | Турнир | Жабу | Финалдағы қарсылас | Есеп |
1. | 2020 | Франция ашық чемпионаты | Грунт | Үлгі:Флаг София Кенин | 6-4 6-1 |
Марапат: |
---|
Үлкен Дулыға Турниры (1*) |
Олимпиада (0) |
WTA қорытынды турниры (0) |
Premier Mandatory / WTA 1000 Mandatory (0) |
Premier 5 / WTA 1000 (0) |
Premier / WTA 500 (1) |
Әлемдік турниры / WTA 250 (0) |
* жеке разрядтағы жеңістер саны.
№ | Датасы | Турниры | Жабу | Финалдағы қарсыласы | Есеп |
1. | 1 қазан 2020 | Франция ашық чемпионаты | Грунт | София Кенин | 6-4 6-1 |
2. | 27 ақпан 2021 | Аделаида, Аустралия | Хард | Белинда Бенчич | 6-2 6-2 |
№ | Дата | Турнир | Жабу | Финалдағы қарсылас | Ксеп |
1. | 14 сәуір 2019 | Лугано, Швейцария | Грунт | Полона Херцог | 3-6 6-3 3-6 |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.